ЖАС СҮРЕТШІЛЕР БАЙҚАУЫ АЯҚТАЛДЫ
«Менің сүйікті спортым» тақырыбындағы жас суретшілер байқауы қорытындыланды.
Қазылар алқасының құрамына Қазақстан Суретшілер одағының өкілдері кірді.
Қазылар алқасының қарауына 160-тан астам жұмыс келіп түсті.
Қазылар алқасының шешімімен
Ақерке Мубарак 12-13 жас аралығындағы үздік қатысушы болып танылды. Екінші орынды Назерке Мубарак, үшінші - Манат Алан иеленді.
14-15 жас аралығындағы топта Элина Хакимова жеңімпаз атанды. Екінші орынды Ника Маслова алса, үшінші сатыға Ақтамберді Ахметов көтерілді.
Жоғарыда көрсетілген екі жас санатында бүкіл тұғырды Алматы қаласының оқушылары иеленді.
16-18 жас аралығындағы бірінші орынды шымкенттік Смат Мейірбек иеленді. Осы санаттағы екінші орынды Алматы облысынан Ақжан Асанова алса, үшінші орынды оның жерлесі Арыстан Арайлым иеленді.
Ерекше қажеттіліктері бар балалар арасында Сабыржан Ұлданай абсолютті жеңімпаз болып танылды.
«Көркемдік талант» номинациясына Анар Ринатова, Ақмарал Балтабаева, Кира Рощупкина, Асқарқызы Жадыра, Әділбек Жансүгіров, Айлин Өмірзақова, Ернұр Болатханов, Жолдасбек Өмірзақ, Камила Әміралиева, Әшірбек Еркежан, Олеся Кузнецова, Ханымбүбі Серікжанқызы, Жасмин Шарапова, Шамбай Мәди, Струков Ақан, Михаил Редкий, Абат Айзада, Анастасия Костарева, Виктория Моисеева, Самира Әбдіқадырова, Ертай Сабина, Мадияр Рамазанов, Илья Зимин, Әбен Әли, Қадырқожа Ақерке, Ерғали Азамат, Александра Богданова, Мұхаметжан Аяла, Хамутецкая Диана, Адилбек Жансұлу, Бекетхан Бейбарыс және Тағайбекова Назира ие болды.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі жақын арада өтеді.
Байқаудың барлық қатысушылары сертификаттармен марапатталады.

