02
декабрь
2020
Мектеп спорт федерациясының жобаларымен біріктіруге бағытталған іс-әрекеттер
Алматы қаласы Білім басқармасының <<Алматы дарыны>> дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан Қасымбек Айгүл Жұмабекқызы бұдан әрі <<Алматы дарыны>> орталығы деп аталатын бір жағынан Алматы қаласы Білім басқармасы << Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы>> коммуналдық мемлекеттік мекемесі атынан Назаров Елнар Берікбосынұлы, екінші жағынан, және бұдан әрі <<Мектеп спорт федерациясы>> деп аталатын бас директор Нұрахметов Нұржан Малкенярұлы тұлғасында <<Мектеп спорт федерациясы>> қауымдастығы нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшінші тараптан бірлесіп <<Тараптар>> деп аталады, тараптардың мектеп спортын дамытуға және Алматы қаласы білім беру субьектілерін халықаралық Мектеп спорт федерациясының жобаларымен біріктіруге бағытталған іс-әрекеттерін келісу және оңтайландыру мақсатында Келісім жасасты.Келісім шеңберінде тараптар мектеп спорт клубтары жүйесін дамытуға, жас спорт еріктілері мен тілшілерінің қызметін қолдауға, спортта дарынды балалардың Халықаралық мектеп спорт федерациясының жобаларына қатысуына қамтамасыз етуге ниетті.



